Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Лицензия беру үшін – 10 АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

Экспортқа лицензия беру кезінде -1 жұмыс күні.

Импортқа лицензия беру кезінде - 5 жұмыс күні.

Ақпаратты немесе шифрлау (криптографиялық) құралдарын жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдардың экспортына немесе импортына лицензия беру кезінде – 10 жұмыс күні.

Қызметтің толық атауы
Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру

Қызметті онлайн алу («электрондық лицензиялау» www.elicense.kz порталында)

  1. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту, осыдан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіру немесе «электрондық лицензиялау» порталында тіркелу.
  3. Қызметтің паспортында құжаттар пакетімен танысу және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтыру және өз ЭЦҚ қою.
  5. Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтінішім» тарауында қадағалау. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсаттама құжаттарым», хабарлама алу туралы -  «Менің хабрламаларым » тарауынан біле аласыз.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Жекелеген тауар түрлерінің импортына және экспортына лицензия немесе негіздер бойынша көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.