Азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

1) Осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 10 АЕК
2) Лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды

Қызмет көрсету мерзімі

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 15 жұмыс күні
Заңды тұлға-лицензиатты бөліп алу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырған кезде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 15 жұмыс күні
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу не осы стандарттың 9-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.