Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

15 жұмыс күн

Қызметтің толық атауы
Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар)    

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және  көрсетілетін қызметті  алушының мекенжайына ілеспе хатпен жіберілетін, инвестициялық пай қоры қағидаларының және басқарушы компания қызметінің талаптары мен тәртібін, басқарушы компанияның құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің инвестициялық пай қорын құру, жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөніндегі қызметін реттейтін, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін ішкі құжаттарының бір данасы, егер көрсетілген құжаттар осыған дейін көрсетілетін қызметті берушімен келісілмесе, көрсетілетін қызметті берушінің олармен келісуі туралы белгісімен (инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеген кезде) немесе  мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.