Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа үлгілерін енгізу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

10 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа модельдерін енгізу

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

  1. Салық өтініші.
  2. БКМ моделінің эталондық үлгісі және БКМ моделінің техникалық, функционалдық және пайдаланылу сипаттамаларын беретін мынадай материалдар.
  3. Дайындаушы зауыттың паспорты.
  4. Дайындаушы-зауыттың техникалық құжаттамасы.
  5. Қағаз және электрондық тасымалдағыштарда БКМ пайдалану бойынша нұсқаулық.
  6. Бақылау чегіндегі мөр үшін ақпаратты шығару кассаның ағымдық жағдайы (Х-есеп) туралы есеп, фискалды есептерді алу туралы, БКМ қайта тіркеу, фискалды режимді орнатуда салық органының лауазымды тұлғасының әрекеттерін толық сипаттауды қамтитын қағаз жәее электрондық тасымалдағыштардағы салық органының лауазымды тұлғасына арналған нұсқаулық.
  7. БКМ үлгісін техникалық қолдау бойынша дайындаушы-зауыттың кепілдік міндеттемесі.
  8. Дайындаушы зауыттың құжаттамасында көрсетілген БКМ моделінің белгіленген нысандағы негізгі техникалық талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер.
  9. БКМ моделінің сәйкестік сертификатының нотариалды расталған көшірмесі.

Егер бақылау-касса машинасының моделі фискалдық тіркеуші болып табылса, салықтық өтінішке қосымша фискалдық тіркеушіні дербес компьютерге қосу үшін электронды тасымалдағыштағы бағдарламалық қамтамасыз ету қоса беріледі.

Қызмет көрсету нәтижесі

Бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу (енгізуден бас тарту) туралы шешім.