Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою – 1 жұмыс күні ішінде:

- ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген күннен бастап – ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті келу тәртібімен қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда берген тұлғалар үшін;

- бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап – жаңа тіркелген Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары үшін;

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлігін ауыстыру – 3 жұмыс күні ішінде.

ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару не немесе ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарудан бас тарту – салықтық өтініш табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде.

Қызметтің толық атауы
Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі

Қызметті онлайн алу

  1. Авторизациядан өту және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
  2. CТ санатын және мемлекеттік салық басқармасын көрсетіңіз.
  3. Cалық төлеушінің атын көрсетіңіз және өтініш берудің себебін таңдаңыз.
  4. ЭЦҚ жолын көрсетіңіз.
  5. Қызметтің күйін көру үшін күй бетіне өтіңіз.
  6. Шығу нысанын көру үшін құжатқа сілтеме бойынша жүріңіз.

Қызметті қызмет берушіден алу (келу тәртібімен немесе пошта арқылы) (қажетті құжаттар):

  1. Салық өтініші  – ҚҚС бойынша тіркеу есебінен алу, ҚҚС куәлігін алмастыру, ҚҚС куәлігін алмастыру, ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін.
  2. ҚҚС бойынша тарату декларациясы  – ҚҚС бойынша тіркеу есебінен алу үшін.

Қызмет көрсету нәтижесі

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою кезінде – белгіленген нысандар бойынша ҚҚС бойынша куәлікті беру, ауыстыру немесе ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қоюдан бас тарту туралы шешімді беру.