"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

11 жұмыс күн

Қызметтің толық атауы
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу

Қызметті порталда қалай алуға болады:

  1. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға электрондық өтінім.
  2. Қағидаларға сәйкес техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі.
  3. Жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама (ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысымен).

Құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) немесе Веб-порталда тіркеу нөмірі құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.

Қызметті мемлекеттік органда қалай алуға болады (қажетті құжаттар)

  1.  Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға өтінім.
  2.   Бизнес-жоспар.
  3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларына сәйкес техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;
  4. Жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама (ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысымен).

Қызмет көрсету нәтижесі

Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысы хаттамасынан үзінді немесе бас тарту туралы дәлелденген жауап