Халықаралық мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді мемлекеттiк тiркеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

мемлекеттік тіркеу үшін – 60 АЕК;

қайта тiркеу үшін – 30 АЕК.

 

Қызмет көрсету мерзімі

2 жұмыс күні 

Қызметтің толық атауы
Халықаралық мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді мемлекеттiк тiркеу

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

меншiк құқығындағы теңіз кемесін тіркеу үшін:

  1. Кемеге меншік құқығын растайтын құжат;
  2. Өлшеу куәлiгi;
  3. Сыныптау куәлiгi;
  4. Осы мемлекеттің туын ауыстырғанға дейін тікелей тіркелген тізілімнен шет мемлекеттің кемесінің алынып тасталғанын және ипотека ауыртпалығы жоқтығын куәландыратын құжат.

Теңіз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде кеменiң тiркелуi жарамды болған жағдайда теңiз кемесiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы туралы куәлiк және кемеге меншiк құқығы туралы куәлiк тек көшiрмелерi ғана ұсынылады.

Бербоут-чартер бойынша пайдалануға ұсынылған теңіз кемесі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы уәкілетті орган шешiмінiң көшiрмесi ғана ұсынылады.

Бербоут-чартер тiзiлiмiнде кеменiң тiркелуi жарамды болған жағдайда бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдiк теңiз кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлiктiң көшiрмесi ғана ұсынылады.

Қызмет көрсету нәтижесі

1) меншік құқығындағы теңіз кемесі үшін: Теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы туралы куәлік; кемеге меншiк құқығы туралы куәлік; кеменің Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тiзiлiмiнен шығарылғаны туралы куәлiк; мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап;

2) бербоут-чартер бойынша пайдалануға ұсынылған теңіз кемесі үшін: бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдiк теңiз кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлiк; мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.