Мектептерде хиджаб киюге бола ма?

Соңғы уақытта оқушылардың ата-аналары қағидаларды сақтамай немесе оларды білмей өз балаларын мектепке діни үлгідегі киімде жіберген оқиғалар күн санап артуда.  Бұл, әрине, мұғалімдердің де, басқа балалардың ата-аналарының да наразылығын тудырады.    Осы мәселені толығырақ қарап, азаматтардың осы тақырыпқа қатысты ең жиі қойылатын сұрақтарына жауап берейік. 

Мектеп формасына қойылатын талаптар хиджабты киюге тыйым салады, өйткені кез келген атрибутика, нышан, элемент олар жататын дін оқуын насихаттауды тұспалдайды.    Заң  алдында барлық діндердің еңдігін қамтамасыз ететін зайырлық қағидаттары қандай да бір діннің үстемдігіне жол бермейді.   

Мектеп қабырғаында хиджабты киюге тыйым салу тек оқу орнының ішкі тәртібін зайырлық қағидаттарына сәйкес сақтау мақсатында енгізілген.  осы мәселе бойынша тыйым салулар мектептен тыс жерлерге таралмайды.

«Мектеп формаын сақтау» деген сөз «қандай да бір атрибутика мен элементтерді пайдаланбауды» тұспалдайды.  Және де бұл тек діни ғана емес, кез келген өзге атрибутиканы киюге тйым салынғанын білдіреді.  Мысалы, бала мектепке еркін, сәнді немесе спорттық киімде, жарқын және көзге түсетін әшекейлері бар киімде келе алмайды. «Форма» деген ұғым барлық осы қатынастарды реттейді.   

Қандай нормативтік құқықтық актілер білім беру ұйымдарында діни үлгідегі киімді киюге тыйым салуды белгілейді?

Орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың сыртқы түрі Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп қағидаларымен , білім беру ұйымының Жарғысымен,  сондай-ақ Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптармен реттеледі,    оларда  орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы   оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді, мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі деп белгіленген. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады.  

Ұлдардың мектеп формасына пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка) кіреді. Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Қыздардың мектеп формасына пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка) кіреді. Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Түрлі концессияларға діни тиесілілігін көрсететін киім элементтерін мектеп формасына кіргізуге жол берілмейді

 

Оқу мекемесінің Жарғысында хиджабты киюге тыйым салу ескерілген бе?

«Білім беру туралы» ҚР Заңының 41 б. сәйкес, білім беру ұйымының Жарғысында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген талаптардан басқа:

  • білім беру және тәрбиелеу процессін ұйымдастыру тәртібін, білім алушылардың сабақ режимін 
  • білім беру ұйымының білім алушылармен, тәрбиеленушілермен және (немесе) олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен қатынастарын ресімдеу тәртібін қамтуға тиіс.

Білім беру ұйымының жарғысында оның қызметіне қатысты және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер қамтылуы мүмкін.

Жоғарыда баяндалған негізінде, оқу орнының Жарғысы діни үлгідегі киімді (хиджабты, орамалды және т.б.) киюге тыйым салатын талаптарды қамтуы тиіс. 

Егер бала мектепке хиджаб киіп келген болса, оқу орны не істейді?

Мектеп тәртібі мен дәстүрлері бұзылған кезде білім беру ұйымымен қолданылатын шаралар Білім беру ұйымдары қызметінің үлгілі қағидаларымен, білім беру ұйымының Жарғысымен және Ішкі тәртіп қағидаларымен регламенттелген. 

Бірыңғай мектеп формасына қойылатын талаптар сақталмаған жағдайда ата-аналар қандай жауапкершілікке тартылады?

«Діни қызметі және діни бірлестіктері туралы» Заңының 3 бабының 7 тармағына сәйкес, ешкімнің де өз діни нанымдары себептері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқ.  

«Білім беру туралы» ҚР Заңының 49 б. 2 т. 3, 6 және 7 тт. сәйкес, Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға, білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға,  білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.   Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, балалары мектеп формасын сақтамайтын ата –аналарға қатысты әкімшілік жаза шаралары қолданылуы мүмкін.   

Ата аналардың немесе өзге заңды өкілдерінің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісті түрде орындамауы 10 АЕК көлемінде айыппұл салуына әкеп соғады. 

Мұғалім мектепте хиджаб кие ала ма?

Республикадағы мемлекеттік білім және тәрбие беру  жүйесі діни бірлестіктерден бөлінген және зайырлы сипатқа ие. 

Педагог ең алдымен зайырлы білім таратушысы болғандықтан , орта білім беру ұйымдарында білім алушылар үшін белгіленген нормалар мен қағидаларды ұстануға міндетті.  

«Білім беру туралы» ҚР Заңының 51 б. 5 т. сәйкес, педагог жұмыскерлердің білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу мақсатында немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалануына тыйым салынады  

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес,  міндеттерін бұзғаны және педагог жұмыскер атағына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін педагог жұмыскер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартылуы мүмкін  

Хиджабты киюге тыйым салу жеке мектептерге тарала  ма?

Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар меншік нысанына және ведомстволық тиесілілігіне қарамастан, барлық жалпы білім беру мекемелеріне таралады. 

Cоңғы өзгеріс: 30.09.2020