Қазақстанда және шетелде емделуге квота

350x650_pj4ha4iu2bzq7kdyp4ga.jpgЕгер адам ауырып қалса және емдеу мен диагностиканы қажет етсе, осының барлығын тегін, мемлекет қаржысы есебінен бөлінетін квота бойынша алу мүмкіндігі бар. Квота — бұл мемлекеттің өзінің ауырып қалған азаматына белгілі бір емдеу түрін жүргізуге бөлетін қаржы. ҚР әр азаматы медициналық көмекті тегін, мемлекет қаржысы есебінен алуға құқылы.    Осы мақалада біз квота бойынша қалай емделуге болатыны туралы баяндаймыз, бұл шынында Қазақстанда және шетелде бюджеттік қаражат есебінен көрсетілетін жоғары мамандандырылған медициналық көмек деп  аталады.

Емханаларда және ауруханаларда емделу

Квота тегін тексеруді, емделуді, соның ішінде операциялар жасау мен дәрі-дәрмек және тамақтануды ұсынуды кепілдендіреді. Әр аймаққа халықтың санына байланысты белгілі бір квоталар саны есептелген. Бірінші кезекте пациентке медициналық тексерістен өтіп, өз емханасындағы емдеуші дәрігерден жолдама алу керек. 

Квотаны қандай жағдайларда береді? Квота стационар шарттарында мемлекет қаражат есебінен медициналық көмекті ұсынуға есептелген. Медициналық көмекті көрсету – емханалар мен ауруханаларда емдеу – мемлекеттен тегін медициналық көмектің көлеміне енеді. Егер сіздің диагнозыңыз тәулік бойы бақылауды талап етпесе, онда сіз амбулаторлық-емханалық деңгейде емделе аласыз. Стационарлық емдеуге көрсеткіштер болғанда науқасқа жолдама беріледі. Пациент тіркеу нөмірін алғаннан кейін ҚР ауруханаларындағы госпитализация үшін бос орындарды     Республикалық емдеуге жатқызу бюросының  веб-сайтында дербес қадағалай аласыз.

Жоғары технологиялық медициналық қызметтер

Квота бойынша шетелде емделу

Қазақстан Республикасының азаматтары бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін аурулардың тізбесі

Бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесі:

 

Cоңғы өзгеріс: 08.08.2020