Қазақстандағы авторлық құқық және өнеркәсіптік меншік: зияткерлік меншігі туралы не білу қажет

Адам ойы мен қызметінің әрбір өнімі өзінің құндылығына ие. Әрбір азаматтың өз өнертабысын, ғылым, әдебиет және өнер туындыларын, зияткерлік қызметтің өзге де нәтижелерін қорғауға заңды құқығы бар (14-бап ҚР Азаматтық Кодексі). Бұл мақалада сіз зияткерлік меншікке не жатады және оны қалай қорғауға болатынын білесіз.

Зияткерлік меншік дегеніміз не?

Зияткерлік меншік – бұл зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді дараландыру құралдары. Басқаша айтқанда, зияткерлік меншік екі түрге бөлінеді: біріншісі - өнер туындылары, шығармашылық және ғылыми әзірлемелер, ноу-хау, екінші түрі компания немесе тұлға басқалардан өзгеше болуы мүмкін нәрселерді қамтиды, тауар белгілері, логотип, ұран және т.б. мұндай жіктеу Азаматтық кодекстің 961-бабында  көрсетілген. 

Зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелеріне: 

  • ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
  • эфирлiк және кабельдік хабар тарату ұйымдарының орындаулар, қойылымдары, фонограммалары және хабары;
  • өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер; 
  • селекциялық жетістіктер; 
  • интегралды микросхемалар топологиясы;
  • ашылмаған ақпарат, оның iшiнде өндiрiс құпиялары (ноу-хау);
  • азаматтық кодексте немесе өзге де НҚА (нормативтік-құқықтық актілерде) көзделген жағдайларда зияткерлік шығармашылық қызметтің басқа нәтижелері.

Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдарына​: 

  • фирмалық атаулар; 
  • тауарлық белгiлер (қызмет көрсету белгiлерi);
  • тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары (шығатын жерін көрсету);
  • Азаматтық Кодексте және ҚР заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда азаматтық айналымға қатысушылардың, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң басқа да дараландыру құралдары жатады.

Зияткерлік меншік құқығының түрлері 

Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтер мен олардың өзгерістерін енгізу тәртібі

Қосымша сұрақтар бойынша "ҰЗМИ" РМК Call-Center нөмірі бойынша: 8 (7172) 62-15-15, 8 (7172) 62-15-16, 8 (7172) 62-15-91, және www.kazpatent.kz ресми сайтта хабарласуға болады.

Cоңғы өзгеріс: 22.09.2020