Өзіңіздің кредиттік тарихыңызды қалай тексеруге болады

маркерлер және планшет

Егер бұрын-соңды банк кредитін ресімдеген болсаңыз, онда кредиттік тарихыңыз бірден қалыптаса бастайды, онда кредиттер, оны қайтару мерзімі және мерзімі өткені туралы деректер сақталады. Кредиттік тарихыңыздың жақсы болғаны маңызды. Бұл сіздің банктер мен микрокредиттік ұйымдар алдында оң бейнеңізді көрсетеді. Яғни, сіз автомобиль немесе пәтер сатып алуға ірі кредиттер ала аласыз.

Бұл материалда өзіңіздің кредиттік тарихыңызды қалай тексеруге болатындығы және оны мониторингілеу үшін қандай қызметтерді пайдалануға болатындығы туралы айтылады.

Кредиттік тарих не үшін қажет

Кредиттік тарих тек банктер үшін ғана емес, сіз үшін де маңызды. Егер оң тарихыңыз болса сіз үлкен сомадағы кредитті оңай ала аласыз. Және керісінше – егер сіз алдыңғы кредиттеріңізді уақтылы төлемесеңіз немесе мүлде төлемей қойсаңыз, онда банк сізге қарыз беруді мақұлдамайды. Егер сіз ешқашан кредит алмаған болсаңыз, онда сіздің кредиттік тарихыңызда жазба болмайды.

Сізге қарызды ресімдеу кезінде банктер кредиттік бюролардан деректерді сұратады. Мәселен, сіз кредит алып, оны мерзімінде төледіңіз. Бұл ақпарат сіздің кредиттік тарихыңызда тіркеледі. Кейін, сіз басқа банкте кредит ресімдейсіз, оны банк алдыңғы кредитті уақтылы қайтарғаныңызды көреді және сізді жауапты клиент ретінде қабылдайды. Кез келген банк берілген қаражаттың қайтарылатынына және сенімді адамдарға кредит беруге сенімді болғысы келеді. Міне, сондықтан кредиттік тарихты қадағалау маңызды.

Кредиттік тарихты қалай білуге болады

Заң бойынша күнтізбелік жылда бір рет Қазақстанның әрбір азаматы өзінің кредиттік тарихын тегін біле алады. Егер бір күнтізбелік жыл ішінде қайта сұрау салынатын болса, онда көрсетілетін қызмет 400 теңге болады.  

Қазіргі сәтте біз көрсетілетін қызметті онлайн режимде алудың келесі тәсілдерінің бірін пайдалануды ұсынамыз:

Қызмет оффлайн режимде:

  • "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ филиалдарында;
  • "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінде жеке куәлікті ұсынған кезде көрсетіледі.

Коронавирус пандемиясы кезінде Бірінші кредиттік бюро кеңселері  клиенттерге  оффлайн режимде қызмет көрсетуді уақытша тоқтатты.

Егер кредиттік есепте қате ақпарат болса не істеу керек

Егер сіз кредиттік есеп алып және онда деректердің дұрыс еместігін көрсеңіз, онда бұл туралы банкке хабарлаңыз және растайтын құжаттарды жіберіңіз.

Сондай-ақ, кредиттік тарихта көрсетілген ақпаратқа eGov.kz порталындағы Бірінші кредиттік бюроның жеке тегін онлайн Несие тарихындағы ақпаратты даулау қызметі арқылы дау айтуыңызға болады.

Осы қызмет арқылы дауланып отырған ақпаратты бұрын қалыптасқан кредиттік есептің негізінде жіберуге болады. Нәтижесінде 15 жұмыс күні ішінде сізге енгізілген өзгертулер туралы хат пен түзетілген дербес кредиттік есеп келеді немесе ағымдағы дербес есепте көрсетілген ақпараттың растылығы туралы хат аласыз.

Несие тарихы жөнінде жиі қойылатын сұрақтар

Ақпарат көзі - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында іске асырған Fingramota.kz оқыту сайты.

Cоңғы өзгеріс: 15.09.2021