Құпиялылық саясаты

Құпиялылық саясаты және төменде сипатталған шарттар Ашық үкімет порталдарын (бұдан әрі -Порталдар) пайдалану шарттарының бөлігі болып табылады.
Сіз туралы дербес ақпарат: Сіздің ТАӘ, ЖСН, электрондық пошта мекенжайын, телефон нөмірін немесе Сіздің жеке басыңызды сәйкестендіретін өзге ақпаратты қамтуы мүмкін. Порталдарға қатысу Сізден тіркеуді және дербес ақпаратты беруді талап етпейді.
 
Сіз туралы барлық дербес ақпарат тек тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланылады. Порталдарды пайдаланған кезде Сіз осы Құпиялылық саясатының шарттарымен келісесіз.
 
Біздің порталдарымыз дербес деректерді беру ерікті болып табылады. Оларды беріп, Сіз порталдарға ақпаратты мәлімденген мақсатта пайдалануға рұқсат бересіз. Бірақ белгілі бір ақпаратты бермеу, Сіз алуға ниет білдірген қызметті көрсету үшін кедергі жасауы мүмкін.
 
Порталдар Сіздің түсіндірмелеріңізді/жүгінулеріңізді, сондай-ақ деректерді өзектілендіруге және жариялауға өтінімдеріңізді жариялауға мүмкіндік береді. Сіздің хабарламаларыңыз көпшілікке қолжетімді болады, сондықтан Порталдарда модерация саясаты пайдаланылады, ол нормативті емес лексиканың болмауына кепілдік береді, сонымен көпшілік мақұлдаған этикалық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
 
Порталдарға сұрақтарыңызбен және түсіндірмелеріңізбен жүгінген кезде, Сіз қосымша дербес деректерді енгізбеуіңіз қажет.
 
Егер Сіз веб-нысанды толтыру немесе электрондық хатты жіберу сияқты әдістерді пайдаланып, Порталға дербес деректерді беруді шешсеңіз, ақпарат Сізге Сіз сұраған ақпаратты немесе қызметті ұсыну үшін, немесе Сіздің хабарламаңызға жауап беру үшін пайдаланылатын болады. Сіздің сұрау салуларыңызды қанағаттандыру үшін қажетті деректер басқа мемлекеттік мекемелерге берілуі мүмкін. Осындай тұлғалардың нақты мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жүзеге асыруға құқығы болған жағдайларды қоспағанда, Сіздің дербес деректеріңіз мемлекеттік емес ұйымдарға берілмейді.

Cоңғы өзгеріс: 26.03.2019